русский язык
Басқа

Су добынан ерлер және әйелдер құрамалары әлем чемпионатына барады

Су добынан ерлер және әйелдер құрамалары әлем чемпионатына барады

Су добынан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамаларды сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 4-16 ақпан аралығында Катар астанасы Доха қаласында болады.

Қазақстандық спортшылар алдын ала іріктеу сатысында А тобында Бразилия, АҚШ және Нидерландпен шеберлік байқасады. Ал В тобында Испания, Грекия, Қытай, Франция, С тобында Сингапур, Венгрия, Австралия және Жаңа Зеландия, D тобында Италия, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Канада ойнайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы әлем чемпионаты D тобында Румыния, Италия және Венгриямен кездеседі.

А тобында Австралия, Оңтүстік Африка, Хорватия, Испания, В тобында Грекия, Бразилия, Қытай, Франция, С тобында Сербия, Черногория, Жапония мен АҚШ шеберлік байқасады.

Айта кетсек, су добынан еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;