Канвон-2024: Қазақстан тарихи медаль жеңіп алды

Канвон-2024: Қазақстан тарихи медаль жеңіп алды

3х3 хоккейден Қазақстан құрамасы Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан Аустрияны 6:5 есебімен ұтты.

Айта кетейік, қазақстандықтар іріктеу кезеңінде жеті матч өткізіп, 12 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты. Польша, Қытай Тайбэй, Испания және Ұлыбританияны жеңіп, Латвия, Аустрия және Даниядан жеңілді.

Осылайша, 2024 жылы Канвонда өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның қоржынында үш жүлде бар: бір алтын және екі қола.

2024 жылғы жасөспірімдер олимпиадасындағы бұл қола медаль қазақ хоккейінің тарихындағы алғашқы медаль болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или