«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен ұтылды

«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен ұтылды

ҚХЛ тұрақты маусымының матчында СКА «Барысты» өз алаңында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Санкт-Петербургте өтіп, 7:0 есебімен аяқталды. Шабуылшылар Василий Глотов пен Марат Хайруллин дубльден жазды. Шабуылшылар Алекс Гальченюк, Арсений Грицюк және қорғаушы Степан Фальковский де тағы бір мәрте гол соқты. Грицюк сонымен қатар төрт нәтижелі пас берді.

26 қаңтарда «Барыс» сырт алаңда «Ладамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или