Қызылордада жаңадан ашылған ипподромда ат бәйгесі өтті

Бүгін Қызылордада «Алтын күз-2015» мерекесінде жаңадан ипподром ашылып, ат бәйгесі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, облыс жұртшылығын мерекелерімен құттықтады. Облыс орталығында жаңадан пайдалануға берілген ипподром мемлекеттік жеке-әріптестік аясында «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысынан салынды. Барлық халықаралық талаптарға сай. Мұнда, ат спорт түрлерін үйрететін үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Енді аймақта жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізіп, ұлттық спортты ұлықтауға мүмкіндік бар.

«Қазақта атқа байланысты теңеулер, әндер, жырлар көп. Бұл жылқы жануарын киелі санағанның белгісі. Республикалық жарыстарға облысымыздан қатысқан ауыздығынан жел ескен, асыл тұқымды «Император», «Қара қыз» секілді тұлпарлар ел аузында аңыз болып айтылып жүр. Бүгін пайдалануға беріліп отырған жаңа ипподромда сол сәйгіліктердің ізін жалғайтын тұлпарлар шығатынына сенімдіміз. Мереке баршаңызға құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Күні кеше облыста егін жинау науқаны аяқталды. Диқандар биылғы жылды табысты аяқтады. Солардың арасындағы үздіктері мереке барасында марапатталып, автокөлік кілттері табысталды.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или