русский язык
Қысқы

Канвон олимпиадасында қазақстандық шаңғышы ТОП-5 қатарына кірді

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін тау шаңғысынан гиганттық слаломның қос раунды бойынша қазақстандық спортшы Александра Скороходова 5-орынға табан тіреді.

Гиганттық слалом. Қыздар. 79 қатысушы

Жарыс қорытындысы:

1-орын — Италия — Джорджия Колом –1:41.10 секунд
2-орын — Швейцария — Шайнне Зехндер — 1:41.21 секунд
3-орын — Швеция — Астрид Хедин — 1:42.13 секунд
5-орын — Александра Скороходова — 1:42.51 секунд

Ертең Ростислав Хохлов гиганттық слалом бағдарламасында өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды.

Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жылдың басты жарысына Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап, 55 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

александра скороходоваФото: Сали Сабиров

Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түсіп жатыр.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;