Алан Фокс: «Мейуэзердің боксқа оралғысы келсе, Головкинмен кездессін»

Америкалық шолушы Алан Фокс кіші Флойд Мэйуезердің кәсіпқой боксқа қайта оралуы мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Егер Мейуэзер келесі жылы 50-ші жекпе-жегін өткізу үшін боксқа қайта оралғысы келсе, мен бір ғана нұсқаны көріп тұрмын, бұл – IBO/WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (33-0, 30 нокаут) PPV-жекпе-жек өткізу. Мен 33 миллион доллар туралы емес, Showtima немесе HBO-дан алатын көп ақша туралы айтып отырмын.

Мейуэзер Андре Берто немесе Карим Мэйфилд секілділермен жұдырықтасып, ақша табуды жоспарлап отыр. Бірақ Мейуэзер 100 миллион доллар алғысы келсе, Головкин сияқты боксшымен жұдырықтасу керек. Себебі, егер ол Амир Хан, Келли Брук, Кейт Турман, Шон Портер, Мигель Котто, Сауль «Канело» Альварес немесе Дэнни Гарсия мен кездессе, бокс жанкүйерлері оны қолдайды деп ойламаймын.

Мейуэзер Пакьяомен тағы да кездессе, 100 миллиондық жекпе-жек болады, бірақ фанаттар екі рет дәл сондай кездесуді кешірмейді», - деді америкалық маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или