Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы елге оралды
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, шаңғышы Илья Мизерных Алматыға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> Спортшыны әуежайдан оның отбасы мен достары, журналистер күтіп алды. Анасы қуаныштан көз жасына ерік берсе, достары тарихи сәтті таспалап, мәре-сәре болды. </span>
<span>Айта кетейік, Илья Мизерных халықаралық спорт жарысында шаңғымен тұғырдан секіруден 38 бәсекелесін артта қалдырып, үздік нәтиже көрсеткен.</span>
<span> Бұл – жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындардан ел тарихындағы алғашқы алтын. Спортшы өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғыс білдірді. </span>
<span>«Керемет сезімде тұрмын. Алғашында жеңіске жеткеніме сене алмадым. Қазақстандықтарға көп рақмет, қолдауларыңызды сездім. Қазақстан чемпиондарға бай мемлекет қой, әлі де жеңімпаздар шығатынына сенімдімін», - деді жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы.</span>