Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.

Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Шешуші, үшінші партияда Ә.Омарханов 5:3 есебімен алға шықты.

Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова аустралиялық Талья Кокиниске жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлердің финалынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или