ХОК басшысы Томас Бах Канвондағы Олимпиадалық ауылда спортшылармен кездесті
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Канвондағы Олимпиадалық ауылда спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
ХОК басшысы әрі семсерлесуден 1976 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Канвондағы Олимпиадалық ауылдың жабдықталуын жоғары бағалады.
«Мен атлеттер тұратын жердің сапасына қатты тамсанып тұрмын. Спортшылар да риза», - деді ол кездесу барысында.
«Спортшылар үшін осыдан алты жыл бұрын өз кумирлері өнер көрсеткен жерде сынға түсу, меніңше, керемет тәжірибе. Жас спортшылар бұл мұраны атлеттердің келесі буынына табыстайды. Демек, бұл жетістіктің нағыз тарихы», - деді ХОК президенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или