Өзбекстандық бапкер Баходир Жалоловты қалай жаттықтырғанын айтты

Өзбекстандық бапкер Баходир Жалоловты қалай жаттықтырғанын айтты

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев шәкірт тәрбиелеуде тәртіпке басымдық беретінін айтты.

<span>Толқын Қылышев шәкірті, танымал өзбек боксшысы Баходир Жалоловты талай рет "скакалкамен" сабағанын жасырмады. </span>

<span>"Кейде қасымдағы жаттықтырушылар ара түсетін. Сондай қатал тәртіптің нәтижесінде Баходир чемпион болып жүр. Қазір маған рахмет айтады", — деді ол. </span>

<span>Бапкердің айтуынша, Баходир бұрын арық және бойшаң болған. </span>

<span>"Ол 92 килода жұдырықтасатын. Беті қайтып қалмасын деп Алексей Севастьяновтың жеке бапкеріне "шәкіртің байқап ұрсын, екінші раундта рингке шығармаймыз" деп өтініш айтқан кезіміз де болған. Сөйткен Баходир қазір абыройымызды асырып жатыр", – деді Қылышев.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или