«Астана» шабандозы «Сантос тур Даун Андер» жарысының үшінші кезеңінде үздік бестікке кірді
«Сантос Тур Даун Андер» жарысының үшінші кезеңінде қатысушылар Tea Tree Gully-Campbelltown бағыты бойынша 145,3 км қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің жеңімпазы BORA - hansgrohe командасының австралиялық шабандозы Сэм Уэлсфорд болды.
«Астанадан» 5-болып мәре сызығын кескен неміс Макс Кантер үздік атанды.
Айта кетейік, жарыс барысында астаналық үш шабандоз: Самуэле Баттистелланың, Кристиан Скарони мен Микеле Гаццолидің қатысуымен ауыр жол апаты орын алды. Олар медициналық сараптамаға жіберілді.
«Сантос Тур Даун Андер». Tea Tree Gully - Campbelltown. 145,3 км веложарысы.
1. Сэм Уэлсфорд (Австралия, BORA - hansgrohe)-3:20:42
2. Элиа Вивиани (Италия, INEOS Grenadiers)
3. Даниэль Маклэй (Великобритания, Arkéa - B&B Hotels)
...5. Макс Кантер (Германия,Astana Qazaqstan)
«Тур Даун Андер». Жалпы есеп.
1. Исаак Дель Торо(Мексика, UAE Team Emirates) - 10:16:04
2. Корбин Стронг(Австралия, Israel-Premier Tech) +0:02
3. Аксель Марио (Франция, Cofidis) +0:05
...12. Макс Кантер (Германия,Astana Qazaqstan) +0:11