«Ақтөбе» Бразилия және Өзбекстан клубтарымен ойнайды

«Ақтөбе» Бразилия және Өзбекстан клубтарымен ойнайды

«Ақтөбе» Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдар» екі спарринг кездесуін Түркияның Белек қаласында өткізеді. Бәсекелестер бразилиялық  «Гремио Эспортиву» мен Өзбекстанның Олимпиадалық клубтары болады. Екі матч Астана уақытымен 20:00-де өтеді, трансляция клубтың ресми Youtube арнасында жоспарланған.

Ақтөбенің Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары:
20 қаңтар. 20:00.  «Гремио Эспортиву» (Бразилия);
27 қаңтар. 20:00. «Олимпик» (Өзбекстан).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или