Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына Астанада дайындалуда
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бокстан Қазақстан құрамасы Қатардағы әлем чемпионатына дайындығын Астана қаласында өткізуде, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтынан белгілі болды. Ұлттық құрамасының барлық мүшелері алдағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына максималды жолдама алатынына уәде берді. Жалпы Дохада ел атынан сегіз боксшы бақ сынайды: Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі). </p>
<p style="text-align: justify;">
Ұлттық құрамасының қалған мүшелері Оңтүстік Кореяда өтетін әскерлер арасындағы әлем чемпионатына аттанады: Ержан Жомарт (49 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) және Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі). Аталмыш жарыс Мунген қаласында қазанның 2-і мен 13-і аралығында өтеді. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или