Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан эстафетада 13-орын иеленді

Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан эстафетада 13-орын иеленді

<span>Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогі кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп жазады Olympic.kz.</span>

<span>Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.</span>

<span>7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойған.</span>

<span>Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или