Қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейбіт іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Ақыры сол бағытынан айныған жоқ – 6:4.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жуқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или