Попко Аргентинадағы турнирді жеңіспен бастады
Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан «Челленджер» сериясында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшының турнирдегі алғашқы кездесуіндегі қарсыласы Бразилия өкілі Орландо Лус болды. Попко үш сетте 5:7, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды.
Қазақстандық келесі кездесуде германиялық Тимо Стоддерге қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или