Қазақстандық теннисші Хобарттағы турнирдің екінші айналымына шықты
Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 Hobart International турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық теннисші италиялық Элизабетта Кочареттоны 0:6, 7:5, 7:6 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, Хобарттағы турнир 2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 267 082 доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или