Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты

Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғысын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде өзін қолдаған барша жанкүйерге ризашылығын білдірді. 

«Баршаңызға, әсіресе, қазақстандық жанкүйерлерге мың алғыс. Сіздердің хабарламаларыңызды оқу, әлемнің түрлі елдерінде мінбелерден жанкүйерлерімді көру – маған ерекше қуаныш сыйлайды», - деп жазды Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или