Ақтөбелік кәсіпкерлер Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады

Ақтөбелік кәсіпкерлер Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады

Еркін күрестен Қазақстан Республикасы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы тарту етті. 

«Жылқы-қазақтың рухы екені баршаға мәлім... Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан, қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту етті», - делінген хабарламада.

Әлем чемпионы Ақтөбеге барған кезінде облыс әкімі мен бір қанша лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, кездесулер өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или