Рыбакина Брисбендегі турнирдің финалына шыққаннан кейін үздік жетістікке қол жеткізді

Рыбакина Брисбендегі турнирдің финалына шыққаннан кейін үздік жетістікке қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабындағы WTA турнирінің 15-финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сенбі күні Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалдық кездесуінде әлемнің 4-ракеткасы чех Линда Носкованы жеңді.

Рыбакина алғаш рет 2019 жылы шілдеде Бухарестте финалға шықты. Содан бері екі теннисші ғана WTA турнирлерінде шешуші кездесуге жиі шыға алған – поляк Ига Швятек (21) пен белорус Арина Сабаленка (19).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или