Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалына жолдама алды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жартылай финалда таиландтық Луксика Кумхум – оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты.

Қазақстандық-грекиялық жұп қарсыластарын 6:4, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылды

Ж.Құламбаева – С.Сакеллариди финалда тағы бір таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Хиа Юи Тсаомен бас жүлдені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или