Қазақстан Премьер лигасының чемпионы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізеді

Қазақстан Премьер лигасының чемпионы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізеді

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік клуб 9-31 қаңтар аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Жиын аясында бірқатар жолдастық кездесу жоспарланған. Қарсыластар мен ойындардың өтетін күні кейін хабарланады.

Айта кетерлігі, «Ордабасы» ойыншылары Шохбоз Умаров пен Бобир Әбдіхоликов 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін Азия кубогында Өзбекстан құрамасының намысын қорғайды. Еске салайық, «Ордабасы» футбол клубы 2023 жылы тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанған еді. Шымкенттік команда ел Премьер лигасының 25-турында қарағандылық "Шахтерді" 3:1 есебімен жеңді.

Шешуші ойында «Ордабасы» сапынан Айбар Жақсылықов, Шахбоз Умаров және Артем Беседин гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или