Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды
Спортшы Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 17 жастағы бұрынғы неміс спортшысы Соня Жиенбаева 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Соняның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан. Бала кезінде Соня отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылдың қорытындысымен С.Жиенбаева жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді. Спорттық жолында ол алты рет ITF Juniors жарысының чемпионы атанды.
«Қазақстанды Жиенбаева ұмытқан емес. Өйткені оның Алматыда туыстары көп. Ол әрқашан Қазақстан азаматы атанып, тарихи Отанының намысын қорғауды армандап келді», - деп хабарлады ведомстводан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или