«Барселона» мен «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы «Бешиктастың» бас бапкері болуы мүмкін
«Барселона» мен Голландия құрамасындағы ойынымен танылған Джованни ван Бронхорст команданың бас бапкері болу үшін түрік «Бешикташ» командасымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл қызметке үміткерлердің бірі Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесов екені бұған дейін хабарланған болатын. Олардан бөлек Фабио Каннаваро, Славен Билич, Хорхе Сампаоли, Рууд ван Нистелрой, Франк де Бур және Бруно Женесио «Бешикташтың» бас бапкері лауазымына таласуда.
48 жастағы Джованни ван Бронкхорсттың бапкерлік мансабындағы соңғы клубы «Рейнджерс» болды, ол жерден 2022 жылдың қарашасында кетті. Бұған дейін маман «Фейеноорд» пен «Гуанчжоуды» жаттықтырған, сонымен қатар ағылшындық «Манчестер Сити» жүйесі мен Голландия жастар құрамасында жұмыс істеген.