Биатлоннан Германияда өтетін әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды
Биатлоннан Қазақстан командасы Оберхофтағы (Германия) әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кубоктік кезең 4-7 қаңтар аралығында өтеді.
Алғашқы жарыс күнінде ерлер 10 шақырымға, әйелдер 7,5 шақырымға спринтерлік әдіспен жарысады.
6 қаңтар күні із кезу жарысы, 7 қаңтар күні эстафета өтпек.
Әлем кубогында бақ сынайтын Қазақстан командасы:
Әсет Дүйсенов, Мухин Александр, Киреев Владислав,Акимов Никита, Егорова Полина, Вишневская-Шепоренко Галина, Кондратьева Анастасия и Крюкова Арина.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или