Қазақстандықтар Канберрадағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Денис Евсеев Канберрада (Австралия) жұптық сайыста Челленджер сериясының турнирінде дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұптық ойында қазақстандықтар жергілікті Алекс Болт – Люк Савиль дуэтімен ойнап, үш сетте 3:6, 7:6 (7:3), 10:7 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалдық кезеңде өткен кездесу бір сағат 38 минутқа созылды.
Айта кетейік, ширек финалдық ойында Скатов пен Евсеев колумбиялық-эквадорлық Диего Идальго - Кристиан Родригес жұбымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или