Қазақстан құрамасының қақпашысы 2023 жылдың үздік екі спортшысын атады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және қарағандылық «Шахтер» ФК қақпашысы Игорь Шацкий өткен жылдың үздік спортшылары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанның 2023 жылғы үздік спортшылары, менің ойымша, Асхат Тағыберген мен Ризабек Айтмұхан. Асхат жыл бойы клуб пен ұлттық құрама үшін тұрақты өнер көрсетті, «Ордабасының» ел чемпионы атануына көмектесті және команданың нәтижелеріне үлкен үлес қосты.
Ризабек 92 келі салмақта еркін күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетті – бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға!», — деді Шацкий Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке.
Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» 2023 жылы тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или