«Астана» шабуылшысы командадан кетті

«Астана» шабуылшысы командадан кетті

«Астананың» 25 жастағы шабуылшысы Дембо Дарбо «Әл-Наср» сапына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дарбоның жалға алу мерзімі31 желтоқсанда аяқталды. 2023 жылғы маусымында Дарбо ҚПЛ-да «Астана» сапында 21 матч өткізіп, 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Маусым барысында гамбиялық ойыншы клуб жанкүйерлері мен мамандары арасында жиі сынға ұшырады. Бұған басты себеп ҚПЛ мен еурокубоктағы маңызды ойындарда бірнеше гол соғу мүмкіндіктерін пайдалана алмағаны болды.

Дарбо еурокубокта 14 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшыны 1 миллион еуроға бағалап отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или