Қазақстанның екінші ракеткасы маусымды қайда және кімге қарсы ашатыны белгілі болды
Қазақстандық Юлия Путинцеваның Оклендте (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің басындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оклендтегі турнирдің бірінші айналымында қазақстандық қытайлық Ван Синьюмен ойнайды.
Турнир 30 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында Жаңа Зеландиядада өтеді.
Сондай-ақ турнирге қазір Францияның атынан шығып жүрген ресейлік теннисші Варвара Грачева мен 2020 жылы Токиода (Жапония) өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы украиналық Элина Свитолина сынды теннисшілер де қатысатыны хабарланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или