Головкин: «Лемьенің тегеурінді соққысына төтеп беруге дайынмын»

Головкин: «Лемьенің тегеурінді соққысына төтеп беруге дайынмын»

Орта салмақта сынға түсіп жүрген WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин TheSweetScience.com тілшісімен әңгіме кезінде қарсыласы Давид Лемьенің бойындағы күш-қуаты алдағы жекпе-жектің барысына қалай әсер етуі мүмкін деген сауалға жауап берді.

«Бапкерім Абель Санчес екеуміз бұл жекпе-жек үшін жақсы стратегия ойластырып қойдық. Давид Лемье – мықты боксшы, шаршы алаңда қолғап түйістірген талай қарсыластарын нокаутпен бір-ақ сұлатқан. Оның Росадо және Н.Даммен өткен жекпе-жектерін тамашалаған едім, сондықтан оның қалай ұратынын жақсы білемін. Оның соққысына төтеп беруге дайынмын.

Кезінде мен де кіл мықтылармен жұдырықтастым, сондағы жинақтаған тәжірибем маған бұл жолы көмектесетініне шүбәм жоқ. Тайминг пен ара қашықтықты қай уақытта және қалай қолдануды жақсы білемін», - дейді Головкин.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или