Ардақ Назаров: «Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді»

Ардақ Назаров: «Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді»

ҚР Еңбек сіңірген спортшысы, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін Әлем чемпионы Ардақ Назаров Қазақстан Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бейбіт Назаров жуырда кезекті жекпе-жегін өткізбек. Осы турасында Ардақ Назаров: «4 қазанда Астанада әлемдік дода өтеді. Әлемнің 15-ке тарта елінен спорт майталмандары келеді. Жарыста екі алтын белбеу сарапқа салынады. Ал, басты жекпе-жекте 70 келі салмақ дәрежесіндегі Бейбіт Назаров. Алтын белбеуін екінші мәрте қорғайтын болады»,-дейді.

«Ақпарат таратуға әлемнің танымал телеарналары келмек. Яғни, төрткүл әлем Астана көріндегі додаға көз тігеді деген сөз. Қазақ елінің намысын 5 спортшы қорғайды. Бейбіт Назаров, Қазыбек Әшімов, Нұрберген Шәріп, Руслан Хамза және Нұржан Тұтқа. Жігіттердің бабы жақсы. Арнайы мамандар жұмыс істеуде. 4-5 бапкер, арнайы диетологтар мен дәрігерлер бар».

«Жекпе-жекті елде өткізу екі есе жауапкершілік жүктейді. Миллиондаған жанкүйер тақымын қысып отырады. Біздің спортшылар жеңісті қолдан бермес үшін бар күштерін салады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

kazsport.kaztrk.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или