Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің жартылай финалына дейін жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген 18 жастағы Аружан Сағандықова мен Беларусь өкілі Дарья Хомутянской ширек финалда тунистіктер Хиба Хени – Рахим Рассилмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тунистік дуэт есе қайырды – 7:6 (7:5). Дегенмен супер тай-брейкте Аружан мен Дарья жеңіске жетті – 11:9.

Аружан Сағандықова – Дарья Хомутянской бір күнде екінші рет кортқа шығып, жартылай финалда жарыстың екінші ракеткалары, нидерландылық Стефани Джудит Виссхер – германиялық Селина Далға 2:6, 2:6 есебімен жол берді. Сөйтіп финалға бір қадам жетпей тоқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или