БАӘ-дегі Дүниежүзілік теннис лигасы: Рыбакина әлемнің 26-ракеткасымен жұптасып, алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

БАӘ-дегі Дүниежүзілік теннис лигасы: Рыбакина әлемнің 26-ракеткасымен жұптасып, алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық Уимблдон 2022 чемпионы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде(БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасы (WTL) көрме турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина румыниялық Соранамен Кырстямен жұптасып, Ига Швентек (Польша)/Каролин Гарсия (Франция) дуэтінен басым түсті - 6:4. Матч 38 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Falcons сапында Сорана <span>Кырстя </span>(Румыния), Сумит Нагал (Үндістан) және Тейлор Фритцпен (АҚШ) бірге өнер көрсетеді.

Турнирге жалпы төрт квартет қатысады. Командалар айналмалы жүйе бойынша ойнайды, үздік екі команда финалға өтеді. Қазіргі уақытта <span>Falcons ұжымы </span>Hawks-ті 19:12 есебімен алда келеді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші жекелей сындағы бірінші кездесуінде польшалық Ига Швентекпен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или