Ақжол Дәрібай Румыниямен өткен матч туралы ойын айтты
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Ақжол Дәрібай 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі элиталық кезеңіндегі Румынияға қарсы матч (2:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Барша қазақстандықты жеңісімен құттықтаймын. Ойын айтарлықтай қиын болды, бірақ көріп тұрғандай таблодағы есеп 2:0, біз жеңдік.
– Бұл матчта көптеген ойыншы дебют жасады, бұл сезімді қалай сипаттай аласыз?
– Мүмкіндік бергені үшін бапкерлер штабына алғыс айтамын, барлығын жеңісімен құттықтаймын.
– 2024 жылға қойған мақсатыңыз қандай?
– Өз клубым үшін чемпионатта жақсы ойнап, әлем чемпионаты кезінде ұлттық құрамаға шақырту алсам деймін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или