Бұрынғы әлем чемпионы Джермелл Чарло Техас штатында қамауға алынды
Бірінші орта салмақтағы WBC және WBA чемпионы Джермелл Чарло (35-2-1, 19 КО) өткен аптада қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Форт-Бенд округінің түрме хаттамасында Чарло өткен сенбіде кісіге шабуыл жасағаны жазылған. Оқиғаның толық мән-жайы белгісіз.
Кейін ол босатандыққа шықты.
DailyMail хабарлағандай, Чарло отбасы мүшелерінің біріне шабуыл жасап, оны жаралаған.
Айта кетейік, ол қыркүйектегі жекпе-жегінде Сауль Альварестен төрешілер шешімімен жеңілді.
Осыдан кейін бірден ол WBO белбеуінен айырылды. Тағы 2 айдан кейін боксшы IBF белбеуін қорғаудан бас тартып, оны босатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или