Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова беларусьтік Дарья Хомутянскаямен бірге Монастирде (Тунис) «Челленджер» турнирінің 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағандықова Хомутянскаямен бірге Юлия Кониши Камарго Сильва (Бразилия)/Ванесса Теюсану (Румыния) жұбымен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. <br /><br />Айта кетейік, турнирдің ширек финалында Қазақстан-Беларусь жұбы жергілікті теннисшілер Хиба Хени мен Раним Рассилмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или