Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шақырды
Бокс жайлы жазатын шетелдік басылымның журналисі Льюис Уотсон орта салмақ дәрежесінде ұйымдастыруға болатын бес ең мықты жекпе-жек туралы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> Шетелдік ақпарат порталы қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBO Global белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтановтың жұдырықтасуы тартысты болуы мүмкін екенін айтып өтті.</span>
<span> "Головкиннің ізімен келе жатқан қазақтың орта салмақтағы боксшылары Лондон автобустары сияқты. Жылдап біреуін күтесің, кейін бірден екеуі келеді. Бәлкім олай емес те шығар, бірақ бұл жекпе-жек тізімнің алды болуы керек. Бұл кездесуге кедергілер бар екені айдан анық. Екі боксшының да ісін жүргізетін Эдис Климас олардың жұдырықтасуын қаламайды. Өйткені мақсатқа жететін басқа да жолдар бар. Жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен болса да, үздік бестікте болу керек", – деп жазды Уотсон. </span>
<span>Айта кетейік, боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасаған еді.</span>