Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шықты

Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 1399-орында тұрған аустриялық Ян Кобриескимен шеберлік байқасты.

Д.Попко 6:3, 6:2 есебімен онша қиналмай, жеңіске жетті.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингте 1523-сатыдағы аргентиналық Эсекиль Монферрермен таласады. Қазақстандық теннисші сондай-ақ жұптық сында да жарысты жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или