«Ордабасы» басшылықтағы өзгерісті жоққа шығарды

«Ордабасы» басшылықтағы өзгерісті жоққа шығарды

«Ордабасы» баспасөз қызметі клуб президенті Бауыржан Абдубаитовтың қызметінен кеткені туралы жаңалыққа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

- Құрметті жанкүйерлер, соңғы кездері кейбір БАҚ оқырмандарды клубымыздағы өзгерістер туралы жаңылыстыруда. Осыған байланысты «Ордабасы» ФК бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Клуб қалыпты жұмыс істеуде, келесі маусымға, сонымен қатар алдағы қысқы оқу-жаттығу жиындарына дайындық қызу жүріп жатыр, - делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или