Вадим Яковлевтің трансферлік бағасы өсті

Вадим Яковлевтің трансферлік бағасы өсті

«Бэлць» футбол клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Вадим Яковлевтің трансферлік бағасын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2023 жылдың басында Яковлевтің құны 100 мың еуро болса, қазір ол 125 мың еуроға дейін өсті. Бұл өзгеріс Молдова чемпионатының 14-турындағы ойында «Бэлць» Тираспольдің «Шерифін» (3:1) жеңгеннен кейін орын алды.

Осы маусымда Вадим Яковлев «Бэлць» сапында 11 матч өткізіп, 2 гол соқты. Қазақстандық футболшы Молдова клубында 2022 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или