Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBO Global титулының иегері Әли Балоев (13-1-1, 8 КО) өзінің Instagram парақшасында кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға сәлем! Жекпе-жекке, белбеу қорғауға қатысты жақын арада жаңалықтар болады!», - деп жазды кәсіпқой боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Балоев кейінгі жекпе-жегін 10 қыркүйекте Қытайдың Ухань қаласында өткен бокс кешінде франциялық Сирил Макиадиді (15-4-2, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, вакантты WBO Global титулын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или