Александр Бублик Лондондағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Александр Бублик Лондондағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Лондонда (Ұлыбритания) Ultimate Tennis Showdown (UTS) көрме сериясының Гранд финалы өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик (32 ATP) топтық кезеңде қатарынан екі матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Күннің алғашқы ойынында қазақстандық теннисші әлемнің сегізінші ракеткасы Холгер Рунеден 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Күннің екінші кездесуінде Александр Бублик британиялық Джек Дрейперден (61 ATP) 1:3 есебімен ұтылды.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы өз квартетінде үш рет жеңіліске ұшырап, турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или