Айта кетейік, 40 жастағы америкалық спортшы Стивен Томпсон бүгінге дейін өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Ал Шавкат Рахмонов 2014 жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 17 рет айқас алаңына шығып, барлық бәсекені айқын басымдықпен аяқтады. 8 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Бұл – жерлесіміздің 18-жеңісі.
Туризм және спорт министрі Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады
Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кезекті жеңісіне құтты болсын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Еліміздің тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавкат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или