Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті лицензиялық турнирлерге қатысты пікір білдірді

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті лицензиялық турнирлерге қатысты пікір білдірді

Бокстан Қазақстан ерлер командасы Париждегі Олимпиада ойындарына бір жолдама жеңіп алды. Жазғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаевқа ғана лицензия бұйырды. Осы орайда, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов лицензиялық турнирлерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz.

«Боксшылардың алдында екі маңызды бәсеке тұр. Әлемдік лицензиялық турнирлер Италияның Милан және Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.

Біздің спортшылар бар күшін салатыны анық. Лицензия аламыз, бірақ оңай болмайды.

Азия аймақтық лицензиялық турнирі өткізілмейді. Себебі, Азия ойындары осы жарыс есебінде жолдама таратқан болатын. Боксшыларымыз қазіргі таңда "Чемпиондар түні" турниріне қатысып, шеберліктерін шыңдайды.

Маусымаралық үзіліс кезінде бұл өте қажет жарыс», - деді Қожамбетов.

Айта кетелік, «Чемпиондар түні» турниріне қазақстандық әлем чемпиондары мен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или