Вадим Куралес биатлоннан IBU кубогында күміс жүлдегер атанды

Вадим Куралес биатлоннан IBU кубогында күміс жүлдегер атанды

Италияның Риднаун қаласында өткен биатлоннан жасөспірімдер арасындағы IBU кубогінде қазақстандық Вадим Куралес жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы он шақырымдық спринт додасында Куралес мәреге екінші болып келді.

Алтын медальді хорватиялық Матия Легович иеленсе, қоланы польшалық Марцин Завол еншіледі.

Айта кетелік, бұл қазақстандық биатлоншылар үшін маусымның алғашқы медалі болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или