Тоқтар Жаңғылышбай «Мақтааралдан» кетті

Тоқтар Жаңғылышбай «Мақтааралдан» кетті

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай өткен маусымда өнер көрсеткен «Мақтааралдан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір 30 жастағы шабуылшы Түркиядағы «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынында. «Қасқырлар» бас бапкері Виктор Кумыков Жаңғылышбайдың «Шахтерде» бірге жұмыс істей алатынын жақсы біледі. Және «Шахтер» оны командаға қайтаруға қарсы емес. Жаңғылышбай «Қайсарда» өзін танытса, қызылордалық командамен келісімшартқа отырады.


Айта кетейік, шабуылшы мансабында «Астана», «Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Жетісу» және т.б клубтарда ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында жеті ойын өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или