«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы мансабын «Атлетико Гояниенседе» жалғастыруы мүмкін

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы мансабын «Атлетико Гояниенседе» жалғастыруы мүмкін

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав мансабын бразилиялық «Атлетико Гояниенсе» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Globo хабарлауынша, қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр.

39 жастағы Вагнер Лавтың соңғы клубы «Спорт Ресифи» болды, ол В сериясында ойнады. Маусымның соңында «Спорт Ресифи» жетінші орынға көтерілді, ал «Атлетико Гояниенсе» төртінші орын алып, жоғарғы лигаға жолдама алды.

Өткен маусымда Вагнер Лав 59 матчта 23 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или