Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Ақтөбеге» оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Ақтөбеге» оралуы мүмкін

«Астананың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев мансабын Ақтөбеде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дарабаев жартылай қорғаушы 2010-2012 жылдары ойнаған «Ақтөбеден» ұсыныс алды.

Мәселе маусым соңында шешіледі. Айта кетейік, «Астана» Конференц-лиганың топтық кезеңінде «Викториямен» сырт алаңда ойнауы керек.

Елордалық команда сапында 34 жастағы Дарабаев бас бапкер Григорий Бабаянның сенімінен шыға алмады.

Дарабаев мансабында «Атырау», «Шахтер», «Қайрат», «Ертіс», «Жетісу», «Каспий» сияқты клубтарында өнер көрсетті. Жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында 21 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или