Шавкат Рахмонов 2024 жылға арналған жоспарын айтты

Шавкат Рахмонов 2024 жылға арналған жоспарын айтты

17 желтоқсанға қараған түні UFC 296 турнирі аясында Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізетін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жылы жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олар маған ештеңе айтқан жоқ және уәде бермеді, бірақ мен титул үшін күресуге дайын екенімді айтқым келеді, ал Стивен Томпсонды жеңу осының тағы бір дәлелі болады. Бәрі бір Алла тағаланың қолында, бірақ келесі жылы атақ үшін күрескім келеді. 2024 жылғы мақсатым – чемпиондық белбеуді ұтып алып, оны Қазақстанға әкелу», - деді Рахмонов The MMA Hour шоуында.

Айта кетейік, Шавкат наурыз айында үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру әдісі арқылы жеңген. Шавкаттың еншісінде 17 жеңіс бар, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или