ҚПЛ клубтары Армения құрамасының бұрынғы ойыншысына қызығушылық танытуда
Бұған дейін Армения құрамасында өнер көрсеткен тәжікстандық «Истиклол» футбол клубының 26 жастағы орталық қорғаушысы Артур Карташян қазақстандық клубтардың қызығушылықтары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жетісуға ауысатыным рас па? Әзірге белгісіз. Келіссөздер жалғасуда. Ал «Ордабасы» маған қызығушылық танытып отыр», - деді Карташян Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке.
Қорғаушының «Истиклол» клубымен келісімшарты 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, Карташянның құны 175 мың еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или